Алматыдағы Панфиловшылар саябағында өткен қаралы жиынға оның туған-туысқандары мен Ауған соғысына қатысқан ардагерлер келді.
Аты аңызға айналған «Қара майор» Ауған жеріндегі шайқас кезінде жауынгерлік өнерді терең меңгерген мықты қолбасшы екенін сан мәрте көрсетті. Осы себепті оның тағылымды өмірі - қолына қару ұстап, еліміздің тыныштығын күзеткен барлық жауынгерлерге үлгі-өнеге. Ол - батырлық үзілмеген бабаларымыздың ерлігін өткен ғасырда тағы дәлелдеген тұлғалардың бірі. Сондықтан елдің айбынын асырған ердің есімі ел жадында мәңгі сақталмақ.
Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы:
- Ардагерлер ұйымдарының басын қосып, бір жерден кеңес құруға көмектесіп, өзінің батасын беріп кетті. Сол батасын кеше Президент оқыды. Иманы саламат болсын.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.