Агросалаға шетелдік инвесторларды тарту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агросалаға шетелдік инвесторларды тарту қажет

17.06.2014
Агросалаға шетелдік инвесторларды тарту қажет
 
Фаст-фуд дайындайтын компаниялар  Қазақстанға ұсыныспен шықты. Жылдам дайындалатын тағамның картобын, етін бізден алғысы келеді.
 
Қытай елі де қолқа салып отыр. «Соя дақылын сіздерден сатып алсақ», дейді.
 
Мұндай жаңалық бүгін «ҚазАгро» холдингі ұйымдастырған инвесторлардың жиынында айтылды.
 
Басқосуға Еуропа, АҚШ, Ресей, Қытайдың 150-ден астам компаниясы қатысты.
 
Америкалық компаниялар Қазақстанда бірнеше тауық фермасын салмақ. Сол арқылы, жылдам дайындалатын асына шикізатты Америкадан тасымай-ақ, Қазақстанда дайындауды жоспарлап отыр.
 
Бүгінгі жиында  инвесторлар агросалаға миллардтаған қаржы құятын болып, ондаған кәсіпорын ашатын болып келісті. Шаруасын аяқтаған соң бүкіл техника бізде қалады. Әрі олар жергілікті жұрттан білікті кадр даярлауға міндетті.
 
Ал, Қазақстан инвесторларға қолдау жасауды міндетке алады.
 
Дулат Айтжанов, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы:
Біз жер өңдеу, мал бағуда әлі күнге дейін ескі әдіске сүйенеміз. Сондықтан да, пайдамыз жұмсаған шығынды жаппай жатады. Ал, шетелдік инвесторларды шақырсақ, олардың замануи техникасына қолымыз жетеді. Инновациялық тәсілдерін үйренеміз. Инвесторларды ауыл шаруашылығына тартып, мал шаруашылығын, агро саланы аяғынан нық тұрғызып, Ресей нарығына ет, Қытай базарына май жеткізу ойда бар. Біздің мүмкіндігіміз де, әлеуетіміз де зор.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу