Бұған дейін аймақта бала оқытуға жарамсыз 7 мектеп болатын. Бас партияның араласуымен, оның үшеуі жөнделді.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс конференциясында айтылды. Жиында аймақтағы ауқымды істердің аяқ алысы сараланды. Айталық, өңірде 1892 кәсіпорын болса, онда еңбек ететін 47 мыңға жуық жұмысшының жалақысы жыл басында 20%-ға өскен. Облыстағы ең төменгі жалақы 42 500 теңге боп бекітілген. Сондай-ақ, былтыр 39 медициналық нысан бой кетерген. Нәтижесінде ана мен бала өлімі 3 пайызға азайған. Тарифтер де төмендеді. Газ бағасы 6,3%-ға, ауызсу 23 пайызға арзандады. Жиын соңында ақпан айының аяғында Астанада өтетін «Нұр Отанның» кезектен тыс ХVІІІ съезіне делегаттар сайланды. Елорда төрінде Елбасының қатысуымен өтетін жиынға Жамбылдан 70 делегат баратын болып бекітілді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.