Ақмола облысында тұрғын үйлерге өртке қарсы құрылғылар орнатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында тұрғын үйлерге өртке қарсы құрылғылар орнатыла бастады

19.02.2019

Қондырғылар тұрмысы төмен отбасыларға тегін қойылып жатыр. Бұл құрылғы баспанадан түтін шығып, көмір кышқыл газы шамадан тыс болып кетсе, дереу дабыл қағады. Үйдің иесіне, төтенше жағдайлар қызметіне және қондырғыны орнатқан компанияға хабарлама жолдайды.

Жыл басынан бері осындай құрылғылардың ескертуімен 5 адам құтқарылған. Осы уақытқа дейін облыс бойынша 175 үйге осындай құрылғы орнатылыпты. Жақын арада тағы 74-і қойылмақ.

Алексей Советов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, улы газ деңгейін анықтайтын 175 құрылғы орнатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады. 9 ақпаннан бастап 15 мыңнан астам жер үйді аралап шықтық. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірдік. Барлығын талаптарды қатаң сақтауға шақырамын.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу