Қала іргесіндегі күл-қоқыс полигоны жыл сайын өртеніп, халықтың наразылығын тудыратын. Енді бұл мәселеге нүкте қойылмақ. Бастаманы фин компаниясы қолға алды.
Шетелдіктермен келісім осыдан екі жыл бұрын «EXPO» алаңында жасалған. Кәсіпорында жылына 100 мың тонна қалдық сұрыпталады. Қазір 45 адам еңбек етеді. Инвесторлар жобаға 400 млн теңге қаржы құйған.
Кальвер Каппер, «ICM Recycling» компаниясының құрылтайшысы:
- Қазақстанда қатты қалдықтың тек 11 пайызы сұрыпталады. Біз оны 20 пайызға жеткізбекпіз. Ал, сұрыпталған затты Ресейге жібереміз. Себебі Қазақстанда әзірге қалдық өңделмейді. Бастапқыда полигоннан биогаз іздедік. Бірақ ол өртеніп кеткен. Сондықтан әуелі қалдықты сұрыптап, дұрыс сақтап, 3-4 жылдан кейін биогаз өндіреміз.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.