Коммуналдық қызмет мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коммуналдық қызмет мәселесі қаралды

20.02.2019

Тұтынушылар бір жылда коммуналдық қызмет құнынан 28 млрд теңге үнемдейді. Жылумен қамтуға ғана жұмсалатын қаражат 22 пайызға қысқарып, халықтың қалтасында 6 млрд теңге қалады. Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің бұл есебі primeminister.kz сайтында жарияланды.

Естеріңізде болса, былтыр Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тарифтерді төмендету туралы тапсырма берген еді. Сөйтіп құзырлы органдар 40 күн ішінде кешенді жұмыстар атқарды. Енгізілген өтемдік тариф табиғи монополиялар субъектілерінің мақсатсыз жолмен тапқан пайдасынан шегеріледі.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Егер субъект өз қаражатын кей жерде дұрыс пайдаланбаған болса, біз бұл қаржыны тарифтен алып тастаймыз. Сәйкесінше тариф соншалықты төмендейді. Бағаның арзандауы коммуналдық қызмет сапасына кері әсер етпейді. Себебі ол саланы жаңғыртуға 1 трлн теңгеден аса инвестиция тартылды. Бюджеттен бір тиын шыққан жоқ.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу