Теріскейде мал ауруының 17 ошағы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теріскейде мал ауруының 17 ошағы анықталды

20.02.2019

Былтыр 1,5 мыңға жуық ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан. Оның тең жарымына жуығы тұрғындардың қолындағы мал. Былтыр ветеринарлар 1 миллионнан астам малдан сынама алып, зерттеу жүргізді. Бұл мақсатқа 773 миллион теңге жұмсалған.

«Ал, аурудың тарауына және ошақтардың көбеюіне ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қожалықтардың қарапайым талаптарды орындамауы себеп», - дейді мамандар. Ветеринарлардың есебінше, елімізде ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жұқтырудан Батыс Қазақстан облысы алда тұр. Одан соң, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары. Төрттікті Солтүстік Қазақстан түйіндейді.

Алтынбек Абдоллаев, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:

- Тимирязев және Уәлиханов аудандарында ауруды жұқтыру көрсеткіштері жоғары. Ал, соңғы үш жылдың ішінде М.Жұмабаев, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов және Уәлиханов аудандарында ірі қара малда бруцеллез ауруының көбейгенін байқаймыз. Бұл елді мекендерде жұқпалы ауру созылмалы түріне өткен. Бұдан басқа, 560 мың қой бруцеллезге зерттеліп, 26-сы ғана ауру болып шықты. Ауру малдың бәрінің көзі жойылды.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу