Шараға мектептің қамқорлық кеңесі мен ата-аналар комитеті атсалысқан. Ол жерде жағдайы төмен, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасыдан шыққан мектеп оқушыларына көмек көрсетілді.
Ұйымдастырушылар «Жақсылық жаса» ұранымен арнайы қаржы жинап, жиналған қаражатқа оқушыларға қыстық киімдер табыс етті.
Ғалия Омашева, №15 мектеп-лицейі директорының орынбасары:
- Біздің мектебімізде отбасы жағдайы төмен санатына жататын оқушылар саны - 30, әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балалар саны - 6. Осы 36 балаға жыл сайын көмегімізді көрсетеміз. Мектеп ұжымының атынан қамқорлық кеңесі мен ата-аналар комитетіне алғысымызды білдіреміз.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.