Мемлекеттік сатып алудың айналасында заңсыздықтар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алудың айналасында заңсыздықтар көп

21.02.2019

Батыс Қазақстанда мемлекеттік сатып алу бойынша кәсіпкерлерден 430 арыз келіп түскен. Дені - конкурстық комиссияның заңсыз әрекетіне қатысты. Мысалы, жергілікті құрылыс компанияларының бірі облыстық құрылыс басқармасының конкурстық комиссиясының үстінен шағым түсірген. Комиссия лицензиясы жоқ қосалқы мердігерді жұмысқа тартқан серіктестікті жеңімпаз деп таныған. Тексеріс нәтижесінде заңсыздықтың жолы кесілді. Мемлекеттік сатып алуға қатысты қайшылықтар мен заңға енгізілген түзетулер кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде талқыланды.

Нұржан Мақсотов, облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Соңғы енгізілген өзгерістерге кәсіпкерлер мынадай қолдау білдіріп жатыр, яғни, тең балл алған жағдайда соңғы 4-5 жылда салықты кім көп төлеген, сол кәсіпкер жеңімпаз болып танылады. Бұл кәсіпкерлердің өзінің жұмысын заңды түрде жасауға және тиісті бюджетке өз қаражатын уақытында төлеуге мүдделі болады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу