Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жеткіліксіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоршаған ортаны қорғауға қаржы жеткіліксіз

21.02.2019

Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау үшін қаржы тапшы. Орман, аң, балық шаруашылығындағы түйткілдерді шешуге үкіметтен және түрлі ұйымдардан бөлінетін ақшаның 50 пайызы ғана жетіп отыр. Сол үшін табиғатта проблема көп.

Осы мәселелерді талқылауға Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы жиын өткізіп, депутаттар мен шетелдік сарапшыларды шақырды. Жалпы, дүниежүзінде биологиялық алуантүрлілікті сақтауға 450 миллиард доллар көлемінде қаржы жетіспейді.

Ол үшін биологиялық ресурстардың экономикалық құндылықтарын анықтау қажет, - дейді мамандар. Олардың пікірінше,  табиғатты пайдаланушы бизнес құрылымдар қоршаған ортаға келтірген зиянына өтемақы төлеуі тиіс. 

Талғат Кертешов, БҰҰ Даму бағдарламасының биологиялық алуантүрлілік жобалары бойынша ұлттық менеджері:

Үстірт қорығынан 4 километр жерде «Қансу» деген газ өндірісі бар. Сол жерде байқаулық сынақтар жүріп жатыр. Сол жердің қорын анықтайды, қанша газ бар деп. Ол жерден қарақұйрықтар кетіп қалды, итаю деген эндемит бар, ол кетіп қалды. Себебі, 2 километрге дейін жерді бұрғылаған кезде, вибрация болады да, жануарлар қорқып басқа жаққа қоныс аударып жатыр.

Роман Ким, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өкініштісі сол, биоалуантүрлілікке аз көңіл бөлеміз. Мәселен, ағаш еге отырып, заңсыз кесіп аламыз. Биологиялық  қаржыландыруға қатысты түйткілдер мәжіліске жетіп жатса, оны  шешуге тырсамыз. Мәселен, Конституцияға экожүйе,  оны пайдаланудың ақылы болуы сынды жаңа түсініктерді енгіздік. Бұрын бұлардың барылғы заңда көрсетілмеген еді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу