Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында  мал қырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында  мал қырылды

21.02.2019

Мамандар бұған  ауа райының қолайсыздығы себеп болды дейді.   Қазір   қанша мал  өлгені туралы нақты мәлімет  жоқ.  Оңтүстік өңірлік аэромобилді жедел құтқару жасағы тау жақта   қар астында қалған 77  өлексені  техниканың көмегімен шығарды.  Ал, шопандардың айтуынша, 300-дей түлік қырылған. Бірақ, омбы қардан оның бәрін табу қиын болып тұр. Осыған орай жұмысшы тобы құрылды.

Тұрған Базарбаев, Жаңақорған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

Мұның бәрі ауа райының қолайсыздығынан. Өйткені, ол жерде жем-шөбін апарып жатыр, басында малдарға берілген, бірақ суыққа шыдас бермей, мал өліп қалып жатыр. Көбісі қардың астында өліп қалған. Әлі де анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Анықталғаннан  кейін нақты цифрлар шығады. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу