Астананың сол жағалауындағы тегін әлеуметтік дүкен ресми түрде ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың сол жағалауындағы тегін әлеуметтік дүкен ресми түрде ашылды

25.02.2019

Ерекшелігі сол - қайырымды жандардан жиналған киім-кешек ілгіштерде ілулі, азық-түлік сөрелерге сұрыпталып қойылған. Ойыншықтар да бір бөлек топтастырылған. Бір қарасаңыз, кәдімгі дүкендерден еш айырмашылығы жоқ.

Дүкенге кез келген киім-кешек пен тұрмыстық дүниелер қабылданады. Тек таза, әрі бүтін болуы шарт. Тегін дүние тек тізімдегі тұрмыс-тіршілігі төмен отбасыларға берілмек. Бір адамға – бір киім және бір отбасы бала-шағасымен айына тек бір рет киінуіне рұқсат. Айта өтейік, «Qarqyn.kz» дүкені Сығанақ көшесі, 15-үйде орналасқан.

Берік Арыстанбаев, «Qarqyn.kz» әлеуметтік дүкеннің директоры:

- Бұл дүкеннің ашылғанына 1 апта болды. 1 аптада заттар қабылдап, киімдерді іліп қойдық. Магазин бүгіннен бастап жұмыс істей бастайды, киім тегін таратылады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу