Ауыр дертке шалдыққан Болат Түнғатарұлы көмекке зәру - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр дертке шалдыққан Болат Түнғатарұлы көмекке зәру

26.02.2019

Алматыда 24 жастағы Болат Түнғатарұлына арналған қайырымдылық концерті өтті. Кештен жиналған 1,5 миллион теңге науқастың еміне жұмсалады.

Болат Түнғатарұлы 2004 жылы сол жақ аяғында өлі ет өскен диагнозымен Алматы облысындағы ауруханада емделген. Соңғы тексеріс нәтижесінде қан айналым жүйесінің бұзылғаны анықталды. Жалпы, адам денесінде 5 литр қан болса, Болаттың сол жақ аяғында 3 литрден астам қан жиналған. Енді ол осы дерттен құлан таза айығу үшін Оңтүстік Кореяда операция жасатуы қажет. Аса күрделі отаның құны шамамен 19 000 000 теңге. Сондықтан Болат Түнғатарұлы қол ұшын созамын деген қайырымды жандардан көмек күтеді. Қайырымдылық концерті 1 наурызда елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді

Бақыт Жағыпарұлы, «Qazaq radiolary» ЖШС Алматы студиясының жетекшісі:

- Бізге хабарласқан, денсаулығына байланысты көмек сұраған тыңдармандар өте көп. Соның ішінде біздің ұжым «Мың алғыс» акциясы аясында 5 адамға көмек беру мәселесіне тоқталды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу