Қостанай облысының Қашар кентінде «Арлан» және «Бүркіт» деп аталатын жасақтар осыдан екі жыл бұрын құрылған. Мақсат – жеткіншектердің еліміздің заңдарын құрметтеп, оның бұзылмауына өз үлестерін қосуына мүмкіндік беру.
Қос жасақтың құрамына 40-қа жуық оқушы кірген. Полиция қызметкерлері оларды заң талаптарымен таныстырып, келеңсіздіктердің алдын алуға үйретеді. Спорттық, саптық даярлық сабақтарын өткізеді. Жасаққа полиция есебінде тұрған балалар да тартылыпты. Соның арқасында шағын кентте жасөспірімдер қылмысы едәуір азайған.
Мұқағали Қоңырбай, «Арлан» жасағының командирі:
- Біз мектептегі тәртіпсіздіктің алдын аламыз. Тек мектепте ғана емес, аулада, көшеде де тәртіпсіздіктің болмауын қадағалаймыз. Үлкен ата-әжелерге көмектесеміз. Мен өзімнің ізбасарларыма да алғыс білдіремін. Себебі олар жақсы іспен айналысып жүр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.