Павлодарда нан бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда нан бағасы қымбаттады

26.02.2019

Облысқа қажетті ұн өнімдерінің 30 пайыздан астамын шығаратын Павлодар нан-тоқаш комбинаты халық көп тұтынатын нан бағасын 10 теңгеге өсірді. Қалада одан басқа 17 наубайхана бар. Олар да өз өнімдерінің құнын 5 теңгеге қымбаттатқан.

Қазір дүкендер әлеуметтік нанды 85 теңгеден сатып жатыр. Монополист кәсіпорын мен шағын наубайхана иелері «бағаны көтеруге ұнның қымбаттағаны себеп болды»,-дейді.

Арман Әсіпов, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Павлодар» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бірлесіп, бидай сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл астықты осындағы диірмендерге әлеуметтік бағамен береміз. Бір апта ішінде бұл мәселе оң шешіліп, нан бағасы қайта арзандайды деп айта аламын.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу