«Самұрық-Қазына» мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ВИДЕО)

18.06.2014
«Самұрық-Қазына» мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ВИДЕО)
 
Бұдан былай «Самұрық-Қазына» қорының сатып алулар жүйесі отандық өнім өндірушілер үшін ашық әрі қолжетімді болады.
 
Тіпті, әр өңірде тендер өткізу ісіне бизнес қауымдастық тарапынан бақылау күшейтіледі.
 
Бүгін осы мақсаттағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қол қойды.
 
Бұл - Ұлттық әл-ауқат қорының кәсіпкерлермен жасасып жатқан бірінші келісімі емес.
 
Бүгінге дейін қорға қарасты компаниялар тобында жасалған осындай ұзақмерзімдік келісімшарттардың жалпы сомасы 1 триллион теңгеге жуықтады.
 
Айта кетейік, осы шарттарды 10 жыл мерзімге дейін ұзарту мүмкіндігі бар.     
 
Тимур Құлыбаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы:
Ең бастысы, қазақстандық кәсіпкерлер үшін сатып алулар үрдісін ыңғайлы етуіміз керек, кәсіпкерлерімізге жаңғыртуларды жүргізуге мүмкіндік беруіміз қажет. Бұл ретте отандық өндірушілер үшін ұзақмерзімді шарттар әзірлеуді қарастырудамыз. Қазақстанның ЕАЭО пен ДСҰ-ға мүше болуы аясында барлық мемлекеттік сатып алулар жүйесі, соның ішінде ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелері айтарлықтай жаңартылып, бірізді қалыпқа келтірілуі керек.
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу