Су тасқынына қарсы іс-шаралар қатаң бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқынына қарсы іс-шаралар қатаң бақылауда

28.02.2019

Батыс Қазақстанның бірнеше ауданы мен Орал қаласын су басу қаупі бар. Тасқынның алдын алу үшін өңірде «Көктем-2019» республикалық оқу-жаттығуы өтті.

Облыс орталығының өзінде 32 аумақты су шайып кетуі ықтимал. Өйткені қар биіктігі кей жерлерде 1,5 метрге дейін жеткен. Күні бүгінге дейін қаладан 800 текше метр қар шығарылды. Ал, құтқарушылар су тасу қаупі бар өзендерде мұз кесу шарасын жүргізді.

Жалпы, қалада 28 эвакуациялық пункт ашылған. Оқу-жаттығуға 700 бірлік техника мен 2500 адам қатысты.

Жасұлан Жұмашев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Негізінде Тасқала, Бәйтерек, Қазталовка аудандары мен Орал қаласында қауіп. Бізде 156 тонна жанармай, 18 мың тонна инертті материал бар.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу