Агросалаға 600 миллион еуро инвестиция құйылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агросалаға 600 миллион еуро инвестиция құйылды

18.06.2014
Агросалаға 600 миллион еуро инвестиция құйылды
 
Қазір  дамушы елдер ғана емес, экономикасы дүркіреп тұрған мемлекеттердің өзі  азық-түлік тапшылығын сезінуде.
 
«Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту» деп аталатын «ҚазАгро» холдингінің екі күндік жиыны бүгін аяқталып, қорытынды баспасөз жиыны өтті.
 
«Сөз алғандар Қазақстан  жаһан жұртының азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыра алады», дейді.
 
Жер  кең. Мыңғыртып мал ұстап, тонналап ет дайындауға болады. Топырақ құнарлы.
 
Бидайдан бастап, алма, картоп, қысқасы дастарханнан табылуға тиісті өнімдерді түгелдей өсіруге болады.
 
Тек бізге тың тәсілдерді игеру қажет. Сол үшін де шетелдік кәсіпкерлерді  елге алдыртып, агросалаға инвестиция құюға шақырып жатырмыз.
 
Нәтиже де жаман емес. Былтыр 1 миллиард доллар инвестиция тартылса, биылғы жартыжылдықтың өзінде шетел инвесторлары агросаламызға 600 миллион еуро құйыпты.
 
Қайрат Айтуғанов, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары:
Шетелдік қаржыгерлердің Қазақстанға көптеп келуінің бірнеше факторы бар. Ең әуелі біздің ел - саяси тұрақты. Тыныш өмір сүріп жатқан жерде ғана экономика дамиды. Салған ақшаң пайдаға жұмыс істейді. Инвесторлар осыны біліп отыр. Бұдан бөлек, біздер инвесторларға Заң жағынан да, басқалай да жағдай жасап қойдық. Қазақстан - екі алып нарықтың ортасында. Ферма ашса, өнімін Ресейге де,  Қытайға да өткізе алады.
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу