Әскерилер арасында қысқы спорт түрінен 16-шы спартакиада аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер арасында қысқы спорт түрінен 16-шы спартакиада аяқталды

04.03.2019

Щучьедегі шаңғы базасында өткен айтулы додаға Қарулы күштер саласының үздіктері қатысып, өзара мықтыны анықтады. 5 және 10 шақырымдық қашықтықта классикалық әрі әмбебап жүгіру сайысы бойынша Кадет корпусының қызметкерлері мәреге бірінші болып келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жарыста ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар алдағы уақытта әскерилер арасында өтетін халықаралық жарысқа жолдама алады. 

Айталап Қорғамбаев, ЦСКА спорт комитетінің төрағасы:

- Алдымен өздерінің горнизондарында жарыс өтеді. Сосын аймақтық командада, сөйтіп іріктеліп келіп осы жарысқа қатысады. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу