Сенат депутаттары Текелі қаласына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат депутаттары Текелі қаласына барды

04.03.2019

Алматы облысына іс-сапармен барған бір топ Сенат депутаты Текелі қаласының тыныс-тіршілігімен танысты. Моноқаланың өндірісі өркен жайып келеді. Былтыр шойын балқыта бастаған Текелі тау-кен өңдеу кешені 17 мың тонна өнім алды. Кәсіпорынның жылдық қуаты 400 мың тонна шойын шығару. Қазіргі таңда мұнда мыңға жуық адам еңбек етеді. Кеншілер қалашығында сенаторлар әлеуметтік нысандарды аралап, жылыжай кешенінде де болды. Моноқалалар бағдарламасы аясында шаһардың жылу жүйесі жаңартылуда. 500 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 5 шақырым құбыр тартылып жатыр. Сапар соңында халық қалаулылары қала тұрғындарымен кездесіп, елімізде болып жатқан оң өзгерістер жайында баяндады. Қазіргі таңда өзекті болып отырған баспана мәселесіне толығырақ тоқталып, әлеуметтік төлемдерді түсіндірді.  

Бірғаным Әйтімова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Кем дегенде бір пәтер 60 шаршы метр болу керек. Соған республика бойынша 8 млн-нан артық ақша бөлінсе, онда 10 пайызы жергілікті органдардан қосылу керек. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу