GLP стандартының әлеуеті зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

GLP стандартының әлеуеті зор

18.06.2014
GLP стандартының әлеуеті зор
 
Жұқпалы ауруларға қарсы препараттар ғылыми орталығы  Еуропадағы GLP халықаралық стандартына сәйкес екендігін дәлелдеді.
 
Бұл стандарт қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырады және оған халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
 
Мамандар GLP стандарты техникалық реттеу нысандары ретінде тек дәрі-дәрмектерді ғана емес, сондай-ақ, химиялық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларын қамтитындығын алға тартады.
 
Кондрад Юшкевич, «MRI Global» компаниясының бас менеджері (АҚШ):
GLP - бұл химиялық заттарды, пестицидтерді, гербицидтерді, косметика мен азық-түліктің дәрі-дәрмектерін қолданудың қауіпсіздігін бағалауға бағытталған стандарт. Тиісті зертханалық тәжірибе стандарты бойынша аккредиттеуге дайындық үдерісі бұл ұзақ, біраз тер төгуді қажет ететін, айтарлықтай қымбат тұратын үдеріс. GLP стандарын қолданудың өзектілігі ең алдымен Қазақстанда туберкулез сынды қауіпті ауруды 100 пайыз емдеп шығаруға мүмкіндік береді.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу