Ауылдықтарға қолдау зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдықтарға қолдау зор

06.03.2019

Теріскейдегі Мамлютка қаласындағы мектептерге баратын жолдар жөнделіп, суағарлар жаңартылады. Аудан тұрғындарымен кездескен Сенат депутаты Ерік Сұлтанов осылай деді. Халықтың өтінішін жергілікті атқарушы билік өкілдеріне жеткізіп, мәселені жуық арада шешулерін сұрады. Тұрғындармен кездесу барысында «Нұр отан» партиясының съезінде Елбасы жүктеген міндеттер мен оларды орындау жолдарымен таныстырды. Әсіресе, көпбалалы аналарға көрсетілетін қолдау, ауылдықтардың тұрмысын жақсарту жұмыстары жайлы баяндады. 

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Тұрғындардың қызығушылығы, белсенділігі біз үшін өте маңызды. Кездесуде жалақының өсуі, медициналық көмектер туралы сұрақтар көп қойылды. Көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы да өзекті болып тұр. Ең бастысы, халық бизнес идеяларға берілетін 500 мың теңге туралы сұрап жатыр, бұл азаматтарымыздың кәсіп ашуға дайын екенін көрсетеді деп ойлаймын.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу