Орал тұрғындары қаланы қардан тазарту үшін сенбілікке шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал тұрғындары қаланы қардан тазарту үшін сенбілікке шықты

06.03.2019

Батыс Қазақстанда биыл қар қалың. Жылдағыдан 8 есе мол түсті. «Бұл 30 жылда болмаған жағдай» дейді ауа райын болжаушылар. Оралдықтар қар басып қалған қаланы тазарту үшін жаппай сенбілікке шықты. Оған 10 мыңдай тұрғын қатысты. Қолына күрек алып, көше, арық, аялдама мен үй шатырын қардан аршыды. Қалада 35 қауіпті аумақ белгіленген. Күн күрт жылынса, әсіресе, жеке үйлер суға кетуі мүмкін. Ірі кәсіпорын өкілдері де өз техникасын шығарып, жұртшылыққа көмектесті. Сенбілік соңында 30 мың текше метр қар шығарылып, 15 мың шақырым арық тазаланды.

Қанат Досмағамбетов, Жастар бастамасын дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Университетіміздің 700-ге жуық студенті мен қызметкері, жатақхана тұрғындары сенбілікке қалыс қалмай, барлығы шығып, су тасқынының алдын алу шараларын қолданып, университет аумағында орналасқан қалың қарды тазалады.

Арадқ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу