Жастарға қолдау бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға қолдау бар

06.03.2019

14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандықтар Жастар корпусын дамыту жобасының байқауына қатысып, 1 миллион теңгеден ала алады. Бұл - Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкінің жобасы. Жоба Қазақстанның 4 облысы мен 2 қаласында жүзеге асырылады. Биыл оның үшінші кезеңі басталады. Бастамаға 2 жылда 5,5 мыңға жуық жас  қатысқан, олар 1600-ден астам әлеуметтік жобаны іске асырды. Жастар жылы аясында Қазақстанның Ақмола, Атырау, Маңғыстау облыстары және  Астана, Алматы қалаларында аталмыш жоба жалғасын таппақ. Аймақтарда 1100-ге жуық әлеуметтік-кәсіпкерлік жоба қаржыландырылады деп жоспарланып отыр.

Гүлмира Ескендірова, жобаларды басқару тобының жетекшісі:

- Жастар өтінімдерін zhasproject.kz сайтына 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында тіркейді де, 3 кезеңдік іріктеуден өтіп, 1 миллион грантиқа ие болады. Содан кейін 6 ай бойы өз жұмысын жүзеге асырады. Осы уақыт бойы олар 40-60 мың теңге көлемінде шәкіртақы алады. Бұл шәкіртақы жастардың тегін жұмыс жасағаны үшін қаржылық қолдау.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу