Наубайшы қарияның ерекше дәмі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Наубайшы қарияның ерекше дәмі

06.03.2019

Тараздың 70 жастағы тұрғыны Абдулахан Мамадраимов ерекше қайталанбас үлгідегі түрлі тәтті бәліштерді пісірумен 4 жылдан бері айналысады. Мерекелік дастарханның сәнін кіргізер дәмді нанды ол жыл сайын 8 наурызда жақындарына сыйлап қуантуды әдетке айналдырған. Зейнеткердің қолынан шыққан әрбір бәліш бір-біріне ұқсамайды. Қамырдың өзі екі тәулік алдын ала дайындалып, құрамына 16 түрлі дәмдеуіштер қосылады. Әсіресе, тәтті нанға ерекше дәм беретін даршын, бал және мускат жаңғағы дейді. Осы күнге дейін 100 шақты бәліш пісірген қарияның ендігі жоспары қазақ үй пішіндес тәтті нан пісіру

Абдулахан Мамадраимов, Тараз қаласының тұрғыны:

- Кондитерлік өнімдерді жасауға бұрыннан қызығатынмын. Ойымда жүрген арманымды зейнеткерлікке шыққанда іске асырдым. Әрбір туындыны жасауға кемінде 5-7 күн уақыт кетеді. Мысалы, кеме мен жұмыртқа пішіндес бәлішті пісіру маған қиынға соқты.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу