«Әлеуметтік қамқорлық». Түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлеуметтік қамқорлық». Түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысында

14.03.2019

«Әлеуметтік қамқорлық» шараларын түсіндіру жөніндегі жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысындағы көпбалалы отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Бүгін олар Бәйтерек ауданына барып аз қамтылған отбасылардың хал-ахуалын сұрап, мемлекеттен берілетін көмектердің тәртібін түсіндірді.  

Гүлшат Мұратқазиева 5 баланың анасы. Оралдан отыз бес шақырым жердегі Переметка ауылында тұрады. Жол жөнекей ауласына кірген жоғары билік өкілдеріне тіршілік барысын танысты, жасап жатқан ісін көзбен көруге шақырды.

Бұл отбасы бала санына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алады. Қаражаттың басын құрап өз беттерінше кәсіп бастаған. Әуелі 1-2 сауын сиыр алып, одан алған сүттен құрт-май, сүзбе-ірімшік айырып, ауыл тұрғындарына саудалаған. Бастаған істеріне береке беріп, бүгінде ірі-қараның санын 12-ге жеткізіпті. Бала-шаға сын осы кезден еңбекке баулып жатыр.

Осы өңірге Үкіметтен арнайы келген жұмыс тобы бүгін түске дейін бірнеше отбасын аралап шықты. Хал-ахуалын, тіршілік барысын сұрап, «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы түсіндірді. Шаңырақ иелерінің мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жаңа бағыттары табысы төмен отбасылардың өз кәсіптерін бастауына барынша мүмкіндік береді. Атап айтқанда, арнайы қаржылай гранттар қарастырылған және 6,5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.

Якролық кооператив құруға құлшыныс білдірсеңіз, қаржыландыру көлемі 20 миллионға   дейін ұлғаяды. Мұндай қолдау шаралары  әсіресе, ауылдағы ағайынға бағытталған.

Ербол Мәндібек, тілші:

Астанадан батыс аймақтарға арнайы аттанған жұмыс тобы түс ауа Ақтөбе облысына келіп жетті. Үкімет өкілдері әуелі халыққа қызмет көрсететін мекемелерді аралап шықты.

Аздаған уақыттан кейін Ақтөбе жұртшылығымен кездесу өткізеді, ол жайында қорытынды жаңалықтарымызда баяндаймыз.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу