Қазақстанда 140-тан астам мемлекеттік қызмет автоматтандырылады және оларды көрсету уақыты қысқарады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары мәлімдеді. Айгүл Шайымова, агенттік қолға алған өзге де бастамалармен бөлісті. Атап айтсақ, алдағы уақытта әлеуметтік кәсіпорын болып саналмайтын жаңа кәсопорындарды ашуға мораторий жарияланады. Бұл рәсімнің мектептер мен ауруханаларға еш қатысы жоқ.
Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:
Мәселен, архивтік анықтамалар беру қызметінде қажетті құжат 11 жұмыс күнінен кейін ғана беріледі. Бұл мерзімді 60 минутқа дейін қысқартуға болады. Бұл - халық сұранысына ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Осы сынды өзге де қызметтерді жеңілдетеміз.
Сондай-ақ, агенттік өкілдері елімізде болған соңғы жемқорлық фактілерін атады. Парақорлық туралы деректі айтуға 1424 нөміріне хабарласқандардың ақпараттарының арқасында бірқатар лауазмды басшы ұсталған. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент және Павлодар, Түркістан облыстарының азаматтары бар. Мәселен, Шымкенттегі нөмірі 131 метептің директоры қызметкерді жұмысқа орналстыру мақсатында 50 мың теңге көлемінде пара алған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ