Қостанай облысында бидай бағасы 40 пайызға дейін қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында бидай бағасы 40 пайызға дейін қымбаттады

15.03.2019

3-ші класты бидайдың тоннасын қазір шаруалар 75 мың теңгеге сатып жатыр. Ал, 4-ші класты өнімнің орташа бағасы 60 мың теңге көлемінде. Астықтың қымбаттауы шаруаларға тиімді болғанмен, диірмендерге жайсыз тиіп тұр.

Өңірдегі ұн шығаратын кәсіпорындардың дені өндіріс көлемін қысқартқан. Сондай-ақ, наубайханалар да нанның бағасын көтеруге мәжбүр. Бірқатар сауда нүктелерінде ас атасы 10 теңгеге қымбаттаған. Алайда, бағаны қалыпты деңгейде ұстап тұрған дүкендер де бар. Мамандар бидай бағасының өсуін сұраныстың артуымен байланыстырады. Соңғы 2 айда ғана Қостанай облысынан 500 мың тоннадай астық экспортталыпты.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Негізгі себептері - бидайдың көлемінің азаюы, экспортқа шығарылуы және басқа облыстарда ұн жасалуына байланысты көлемдердің азайып, бірақ сұраныстың азаймауы.

 Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу