Бизнесмендерден түскен арыз-шағымдардың 90 пайызы оң шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнесмендерден түскен арыз-шағымдардың 90 пайызы оң шешімін тапты

15.03.2019

Мұндай ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев Астанада өткен кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ІІІ республикалық форумында айтты. «Protecting business and investments» деп аталатын жобаны «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да қолдап отыр.

Жобаның мақсаты - бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты реттеу. Мұндағы негізгі принцип – салдармен емес, себептерімен күресу. Агенттік жалпы сомасы 11 трлн 700 млрд теңге тұратын 300-ге жуық бизнес-жобаны қадағалап отыр. Бұл ретте кәсіпкерлер тарапынан 400-ден астам өтініш келіп түскен. Олардың 90 пайызы оң шешімін тапқан.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу