Медет Сұпығалиев - қол күрестен Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері. І топтағы мүгедек бұған дейін 3 баласымен әр жерде пәтер жалдап келген. Атыраудың атымтай жомарты мұқтаж адамдарға осымен үшінші рет баспана сыйлап отыр.
Айта кетейік, бүгінде аймақта 21 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар. Олардың 4 мыңға жуығы баспана кезегінде тұр.
Медет Сұпығалиев спортшы:
Рахмет айтамын. Сыйлап жатыр.
Әлібек Семғалиев кәсіпкер:
Біздің кәсіпкерлеріміз, жалпы, халық бір-біріне қамқоршылық жасау қажет деген Елбасымыздың сөзі бар. Бүгінгі таңдағы үшінші баспана. Жақсылық жасап жарысып, әлде де мұның санын көбейтуге тырысамыз.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ