«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы көрме өткеннен кейін біраз павильондар босап қалған еді. Бірақ уақытша ғана. Қазіргі уақытта ол аумақта «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі сияқты салалық нысандар жұмыс істеп жатыр. Әлі де қазіргі заман сұранысына жауап беретін ғимараттар салынады.
Елбасы осыдан екі жыл бұрын «EXPO-2017» халықаралық көрмесінің алдында қатаң тапсырма берген еді. Ғимараттың қаңырап қалғаны – қыруар қаржының желге ұшқаны. Президент тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Бүгінде EXPO қалашығы қандай қызмет атқарып тұр?
Мәселен, Конгресс орталық алуан форматтағы форумдарды, түрлі концерттер мен конференцияларды өткізуге қолайлы. EXPO салынарда солай жоспарланған. Залдары трансформацияланады. Былтыр ғимарат 180 күн бойы бос болмапты. Қазір мұнда «Золотой граммофон» музыкалық шарасына қызу әзірлік жүргізіліп жатыр.
Георгий Пылков, Конгресс орталықтың бас техникалық инженері:
- Бұл сахналық білдек деп аталады. Оның үстінде әртістер өнер көрсетеді. Бір қуанатыным, ойыңдағының бәрі іске асырылады. Өйткені зал о баста сол мақсатта салынған. Мысалы мұнда 2,5 мың орын. Оны 5 мыңға дейін көбейте аламыз.
Ал, мынау - EXPO бизнес орталығы. Нысан экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және энергия үнемдейді. 3 қабатты. Ғимаратта 2500-дей адам жұмыс істей алады. Қазір бос тұр. Бірақ нақты компаниялармен келіссөздер жүргізілуде екен. Жалға алу құны шаршы метріне 7 мың теңгеден.
Ал, «Astana Hub»-қа еркін кіру мүмкін емес. Тексеріс. Өйткені 4 қабатында да кеңселер орналасқан. Бәрінде жұмыс қауырт. Әділ де стартап жобасымен әлек. Ол зағип жандар үшін электронды кітап жасап шығармақшы. «Бағасы қолжетімді және кез келген жерде оқуға ыңғайлы»,-дейді. Бұл орталық - идеяларды ақиқатқа айналдыруға зор қолдау.
EXPO көрмесінде көтерілген мәселелер енді қайта жасақталған «жасыл» технологиялар халықаралық орталығында қаралуда. Мұндағы мамандар көмір пайдаланатын 11 жылу станциясының жұмысына талдау жасаған. Зиянды қалдықтар көрсеткіші Еуроодақ талаптарына сәйкес келгенімен кей жерлерде кемшіліктер де кездескен. Әлі 77 станция сыннан өтпек.
Марат Мұхамедсалиев, «Жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының баспасөз хатшысы:
- Технологиялық бағасы беріледі, қаржылық сараптамасы жасалады.
Алдағы уақытта бұрынғы павильондардың орнына жаңа ІТ университет пен логистикалық орталық ашылады деген жоспар бар.
Нысаналы ЫҒЫЛ