Валюта нарығындағы жағдай тұрақты және теңгенің құлдырауына еш негіз жоқ – Ерболат Досаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Валюта нарығындағы жағдай тұрақты және теңгенің құлдырауына еш негіз жоқ – Ерболат Досаев

20.03.2019

Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде «Халық әл-ауқатын жақсарту, экономикалық өсімді қамтасыз ету, инфляциялық үрдістерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын сақтап қалу бойынша саясат өзгеріссіз қалады. Үкімет пен Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы бұған дейін жариялаған бастамалар мен тапсырмаларды орындай береді. Мемлекеттік бағдарламалар мен құрылымдық реформалар 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары мен «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмыстар жалғаса беретіні» - деп айтылған.  

Сондай-ақ, Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдай тұрақты және теңгенің құлдырауына еш негіз жоқ екенін мәлім етті. Қаржы нарығын реттеуші-қадағалаушы органдар үнемі мониторинг жүргізіп жатыр. Қажет жағдайда ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру бойынша тиісті шараларға бірден кіріспек. Сондықтан Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қазақстандықтарды дүрлікпей, валютаны алып-сату операцияларын жасамауға  шақырды.

 Альбина Әшім 

Хабарламаларға жазылу