Қазақстан экономикасының күре тамыры атанған мұнай-газ секторын дамытуда Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ұшан теңіз. Кемеңгер тұлға «қара алтын» қорына бай кен орындарды жандандырып, отандық өндіріс ошақтарына қалталы инвесторларды тартты.
Жүз мыңдаған адам жұмыспен қамтылды. Мәселен, мұнайлы өлке атырауда өткен жылы 48 млн. тоннаға жуық мұнай және 23 млрд. текше метрден астам ілеспе газ өндірілді. Бұл көрсеткіш жыл сайын еселеніп келеді.
Ұлт көшбасшысының алғашқы Қашаған мұнайын жөнелту сәтінен естелік бұл . Сол кезде Н.Назарбаев 7 жастағы Берік Уаптың маңдайына Қашағанның «қара алтынынын» жақты. Кемеңгер тұлғадан бата алған жалынды жас, бүгінде білікті мұнайшы болып еңбек етуде. Алпауыт кәсіпорын жылына 16 млн тоннадан астам мұнай игереді. Тұңғыш Президенттің бастамасымен жүзеге асқан бірегей жоба, соңғы 50 жылда әлемдік энергетика саласындағы ең елеулі оқиға деп бағаланды.
Берік Уап, Қашаған кен орнының мұнайшысы:
Сол сәт менің өмірімді, тағдырымды шешкен сәт болды. Сол сәттен бастап мен өз басым өзімді сол мұнай-газ саласында көрдім, өзіме кәсіби себеп деп таңдадым. Ол кісі осы мұнай-газ секторы біз сияқты жастардың қолында деп сол кезден сенген болатын.
Ұлт көшбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұнай-газ секторындағы тағы бір елеулі ісі - Теңіз кен орнымен тікелей байланысты. Шетелдік инвесторлармен мәмілеге келіп, жаңа буын зауыттардың салынуына мүмкіндік жасады. Алғашқыда 1 млн тонна мұнай өндірген кәсіпорын, бүгінде жылына 28 млн тонна қара алтын иегуге қауқарлы.
Рзабек Артығалиев, «Теңізшевройл» кәсіпорнының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері:
1993 жылдан бері 135 млрд доллар ақша республикаға төленді. Оның ішінде қазір 1000-даған адамдар жұмыс істеп жатыр. Былай айтқанда бір мұнайшыға 4 адам сервистік қызмет көрсетеді. Сондықтан бұл кісінің еңбегі өте зор.
Білікті көшбасшының іргелі істері, әркез халық игілі мен мүддесіне арналды. Еліміздегі өңірлердің әл ауқатын көтеру мақсатында түрлі жобаларды жасақтады. Сол жұмыстардың арқасында атыраудағы өнеркәсіп саласы 110 пайызға өсіп, жалпы өнім көлемі өткен жылдың көрсеткішімен 6 трлн. Теңгегеден асты.
Сайын Қуанышев, Атырау облыстық мәслихатының депутаты:
Бүгінгі таңда біздің керемет дамыған мемлекетіміз бар. Дамыған нарықтық экономикамыз бар. Шегелеген шекарамыз бар. Осы Елбасының арқасында мынау БҰҰ-ның мінбесі қазақша сөйлейді. Бүткіл ел болып, жер шары болып бізді мойындап отыр.
Ұлт көшбасшысы қай салада болсын өзінің қолтаңбасын қалдырып мен маңдай терін төкті. Ол жасақтаған өміршең бағдарламалар мен стратегиялық жобалар,алдағы уақытта ел дамуының бағдары болмақ.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ