Астана Нұр-Сұлтанға өзгертілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана Нұр-Сұлтанға өзгертілді

20.03.2019

Елордамыз Астана қаласы бүгіннен бастап Нұр-сұлтан деп аталады. Парламент тиісті құжат қабылдады. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы заң жобасы екі оқылымда қабылданды.

Мемлекет басшысы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламенттің қарауына «ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» заңының жобасын енгізді. Бұл жоба республика астанасының атауын Астана қаласынан Нұрсұлтан қаласына өзгертуді көздейді.

Үкімет Ата Заңымызға Астананың атауын өзгерту туралы түзету енгізу үшін Республикалық референдум өткізу жөнінде Президентке ұсыныс жасады. Бірақ, Қасымжомарт Тоқаев бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. 

Сөйтіп, Парламенттегі бірлескен отырыстағы талқылаудан кейін депутаттар бірауыздан Астананың атауын Нұрсұлтан қаласына өзгерту туралы шешімді қабылдады. 

Хабарламаларға жазылу