Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ еліне сіңірген еңбегі зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ еліне сіңірген еңбегі зор

20.03.2019

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ еліне сіңірген еңбегі зор. Оны біздің елдің азаматтары ғана емес, шетелдіктер де мойындайды. Сондықтан елордамыз Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту уақтылы айтылған әрі көптің көкейінен шығатын шешім.

Елімізде болып жатқан өзгерістерге орай пікірі білдірген, ресейлік саясаттанушылар осылай деп отыр. Сарапшылардың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір ісі елдің ертеңі үшін жасалады. Сондықтан, оның өз Президенттік өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатуы да, ел келешегін ойлаған көреген саясаткердің қадамын көрсетеді.     

Аркадий Дубнов, саясаттанушы:

Нұрсұлтан Назарбаев өте дана, көреген әрі прагматик саясаткер. Ол кез-келген қадамын жан-жақты ойластырып барып жасайды. Тәуелсіздік алған уақыттан бері, Нұрсұлтан Әбішұлы елдің тәуелсіздігін, мемлекеттілігін нығайтуға бар күшін салды.

Жалпы, Назарбаевтай мемлекеттік қайраткерлер сирек кездеседі. Ол өзінің Президенттік өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату арқылы тағы да дұрыс шешім қабылдады. Сондықтан, биліктің сабақтастығы жалғасады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу