Астана - Елбасының төл туындысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана - Елбасының төл туындысы

20.03.2019

Астана - Нұрсұлтан Назарбаевтың төл туындысы. Баласындай мәпелеп, жаңа қаланың жетілуіне, өркендеп-өсуіне қосқан еңбегі орасан.  «Сондықтан, Алаш жұртының бас шаһарын Нұрсұлтан деп атау заңды құбылыс», дейді қоғам белсенділері. Бұл шешім үлкен еңбектің еленгені, халықтың патша көңіл, ықыласының кеңдігі деп біледі.

Әміре Әрін, «Жетісу» газетінің бас редакторы:

Астана қаласының атын Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды біз толық құптаймыз. Біз тұрмақ қазір бүкіл шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында қолдау тауып отыр.

Сағындық Салмырзин, «Асыл мұра» қоғамының мүшесі:

Шеттен туристер, достарымыз, қонақтар келгенде Елбасымыздың аты тұруы керек. Сондықтан, оны құптап, солтүстік қақпасы дейміз Қызылжарда Президентіміздің атымен бір көшені атауға болады.

Серік Жақсығұлов, жыршы:

Өзінің қолымен салған, кешегі бабаларымыздан қалған әпсана самұрықтың алтын ұясын, бәйтерегін орналастырып, сол жерге қазақтай ел болатын Қазақ елі монументін қою, мұның барлығының астарында қазақтың дамуы, қазақтың келешекке деген даңғыл жолы жатыр. Сол үшін де Астананы Елбасының атымен Нұрсұлтан деп атауды әбден лайық деп есептейміз.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу