Тараз жұрты елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуына қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз жұрты елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуына қолдау білдірді

25.03.2019

Темір жол депосына жиналған еңбеккерлер өз ойларын білдірді. Ал, «Қазфосфат» зауытында химия саласының мамандары жиналып, тарихи шешімді қуаттайтындықтарын зор мақтанышпен жеткізді. Олар Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту Елбасының ерен еңбегіне лайықты құрмет деп біледі. Ал, жергілікті жастар Тараз Мемлекеттік Университетінде форум ұйымдастырып,​ үндеу қабылдады.

Атырауда Астана атауының Нұр-Сұлтан деп ауыстырылуына орай Мемлекет басшысының тариxи шешімін қолдау мақсатында ауқымды форум өтті. Шараға аймаққа белгілі тұлғалар мен жастар, және танымал эстрада жұлдыздары қатысты. Форумға екі мыңнан астам адам жиналды. Қатысушылар еліміздегі саяси шешімдерге оң көзқараста екендіктерін көрсетіп, Отанымыздың одан әрі өркендеуіне аянбай үлес қосатындықтарын жеткізді.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу