Еңбек қауіпсіздігі қатаң қадағаланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек қауіпсіздігі қатаң қадағаланады

26.03.2019

Елімізде маусым айынан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлер жалақысының 30 пайызға көтерілуі - құптарлық іс. Алматыда өткен «Кәсіподақтардың әлеуметтік-еңбек қатынастарындағы рөлі. Шығыс пен Батыстың диалогы»  атты халықаралық жиында белгілі сарапшылар осыны айтты.

Олардың сөзінше, бұл - елдің әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған шара. Өйткені, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы артса, халық игілігін көреді. Ал, басқосуға Малайзия, Молдова, Монғолия, Тәжікстан және Түркия мемлекеттерінің Кәсіподақ ұйымдарынан делегаттар келді.

Әлемдік деңгейдегі сарапшылар еліміздегі өзгерістерді «зор серпіліс», деп бағалап отыр. Жалпы, жиында жұмысшылардың жалақысынан бөлек, еңбек қауіпсіздігіне байланысты мәселелер де талқыланды. Себебі, «Халықаралық ұйым әлеуметтік әділеттілік пен тепе-теңдікті ұстап отыруды басты мақсат етіп отыр», - дейді форум қатысушылары.  

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

Атқарылып жатқан істер көп. Негізгі мәселелерді алатын болсақ, біздің атқаратын істеріміздің барлығы әлеуметтік-әріптестік механизм арқылы жүргізіледі Оның ішінде, ұжымдық шарттарды қалыптастыру, сол арқылы әрқайсысы өз орнында болатын әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу, олардың құқығын қорғау мәселелері қаралады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу