Алдағы 10 жылдық Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосуда шешуші кезең болмақ. «Nur Otan» партиясы «Мирас» кеңесінің мүшелері осындай пікірде. Бүгін «нұротандықтар» «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын талқылап, алдағы міндет-межелерді анықтады.
Сондай-ақ, Ұлт көшбасшысының партияластары елорда атауының ауысуын қолдап, бұл Елбасының еңбегіне Қазақстан халқының берген әділетті бағасы екенін айтты.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ