Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денелері мәйітханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікұшақ апатынан қаза тапқандардың денелері мәйітханаға жеткізілді

29.03.2019

Сот сараптамасы мамандарының айтуынша, денелер бөлшектеніп кеткен, сондықтан әр адамның денесін түгендеп, құрастыру оңай болмаған. Мәйіттерді тану үшін шейіт болғандардың туыстары, әріптестері келді. Бірақ барлығын танып-білу мүмкін емес. Әзірге тек 10 мәйіт зерттеп-зерделеніп, аты-жөндері анықталды.

Рақымжан Әліп, Сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары:

- Бір мәйітті туыстары танып, қазір жөнелту жұмыстары ұйымдастырылуда. Ал, қалған мәйіттерді ертең таңертең әскери басшылар өздері ұшақпен жеткізуді жоспарлап отыр. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу