Бірақ аймақта биыл қар аз болғандықтан, қауіп сейілді. Әсіресе, Қарағандыдағы Ақжар тас бөгетінен таситын топан судың алдын алу шаралары нәтижелі болды. Сәтбаев және Мұса Шорманов ауылын айналдыра екі шақырым бөгет салынып, Ащы су өзенінің арнасы кеңейтілді. Биыл көктем басталысымен суағарлар мен арықтар тазартылды. Төтенше жағдай туындай қалса, техника дайын.
Орман Түсіпов, Баянауыл аудандық ТЖ бөлімінің бастығы:
- Аудан бойынша 26 техника дайындалған. Сондай-ақ, 150 тонна инерттік материалдар дайындалды.
Болат АМАНБАЕВ