Ұсыныстарды «Nur Otan» партиясы әзірлеп жатыр. Олар бүгін «Ойынқұмарлықтың жолы: өмірге татитын бәсеке» атты пікірталас кезінде таныстырылды. Әсіресе, жарнама беру ережелері өзгертілмек.
Басты мақсат - ақшаны бәске тігу табыс көзі емес, демалу немесе уақыт өткізудің тәсілі екенін халыққа жеткізу міндеті тұр. Букмекерлік мекемелер тұрғын үйлердің ғимаратында орналаспауы тиіс. Сондай-ақ, білім беру орындары мен ломбардтардан да қашық болуы керек. «Осындай өзекті мәселелерді ретке келтіру арқылы тұрғындардың құмар ойындарға деген тәуелділігін азайтуға болады»,- дейді мамандар.