Қарағанды облысында жол бойына жайылған судың деңгейі түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жол бойына жайылған судың деңгейі түсті

01.04.2019

Қарағанды облысында жол бойына жайылған судың деңгейі түсті. Бүгін «Нұра-Теміртау» бағытындағы жол ашылды. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын өңірдегі күре жолдың біразынан су жүріп өткен еді. Әзірге 4 жерде осындай жағдай. Бірақ, көлік қатынасы тоқтаған жоқ. Аталған аумақтарға ескерту белгісі орнатылып, күзет қойылды. Ал, жолды шайып кетпес үшін 3,5 шақырым бөгет орнатылып, 25 мың құм салынған қап төселген. Қазір әсіресе, Садовое мен Чкалов ауылдарына қауіп төніп тұр. Екі елдімекен де Самарқанд су қоймасына жақын, Нұра өзенінің бойында орналасқан. 

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

Барлық мүдделі қызметкерлер үнемі дайындық режимінде болуы керек. Барлық техника, адами ресурстар пайдаланылуы керек. Ең басты міндет - адам шығынын болдырмау. Тұрғындарға материалдық зиян келетін болса, ол шығынды дер кезінде қалпына келтіру қажет.  

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу