Кәсіпкер ЕАЭО-ның болашағынан үлкен үміт күтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер ЕАЭО-ның болашағынан үлкен үміт күтеді

26.06.2014
Кәсіпкер ЕАЭО-ның болашағынан үлкен үміт күтеді

Атыраулық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақ кәсіптерінің өркендеуіне жаңаша серпін береріне толықтай сенімді. Қазірдің өзінде, Кедендік одақтың игілігін көріп, шетелдегі әріптестерімен байланысын нығайтып, бизнесін дамытқан олар, енді бұл бірлестік арқылы жаңа нарыққа шығуға әзірлік үстінде.

 
Еуразиялық экономикалық одақтың берер зор мүмкіндігін жете пайдалануды көздеп отырған кәсіпорындардың бірі - Құрманғазы ауданындағы Шортанбай балық зауыты. Кәсіпорында жылына 4 мың тоннадай балық ауланып, 40 түрлі бәсекеге қабілетті, сапалы өнім түрі дайындалады.
 
Орынғали Абдулов, Балық өңдеу цехының меңгерушісі:
Кедендік одақ пайда болғалы шетелден біздің өнімдерімізге деген сұраныс едәуір артты. Кәсібіміз айтарлықтай дамыды. Ал, жақында құрылған Еуразиялық экономикалық одақ болса, экономикалық аймақтың өрісін кеңейтіп, пайдамызды еселеуге септігін тигізбекші. Сондықтан, болашақта үлкен нарықты бағындыру үшін кәсіпорын жұмысын толықтай автоматтандырып, жаңа технологиялармен қамтып жатырмыз.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу