Елордада заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырған 13 тұлғаның ісі әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырған 13 тұлғаның ісі әшкереленді

01.04.2019

Елордада заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырған 6 ұйым мен дүкендерді жалға алған 13 тұлғаның ісі әшкереленді. «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына қала тұрғыны хабарласып, ұлының құмар ойынның құрбанына айналғанын айтқан. Соның кесірінен қомақты қаржысынан, тіпті мүлкінен де айырылыпты. Қарызға белшесінен батқан. Тұрғынның шағымынан соң ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері шұғыл-іздестіру шараларына кірісіп, заңсыз кәсіппен айналысқандарды ұстады. Ғимарат иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу