Арқалықта тұрғындар саны өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арқалықта тұрғындар саны өскен

02.04.2019

90-шы жылдары жұрт үдере көшкенде, мұнда 26 мыңға жетер-жетпес адам қалған еді. Қазір халықтың саны 42 мыңнан асты. Бұл - шағын шаһардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақтанғандығының көрінісі.

Соңғы төрт жылдың ішінде Арқалықта он шақты көпқабатты үй және әлеуметтік нысандар қайтадан қалпына келтірілген. Биыл қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 1 миллиард 500 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Оның басым бөлігі іргедегі Дачный және Восточный ауылдарына ауызсу құбырын тартуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, қаланы абаттандыруға да қомақты қаржы қаралған.

Индира Хамзина, Арқалық қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Арқалық қаласының жолдарын жөндеуге 500 миллионға жуық ақша бөлінеді. Оның 255 миллионы Арқалық – Ашутасты - Шилі автожолын жөндеуге бөлінген.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу