Қызылордадағы тікұшақ апаты: Жетісу жұрты қаза тапқан 4 сарбазды соңғы сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы тікұшақ апаты: Жетісу жұрты қаза тапқан 4 сарбазды соңғы сапарға шығарып салды

02.04.2019

Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы апатында қаза болған әскери қызметшілердің 4 сарбазын Алматы облысында соңғы сапарға бүгін аттандырды. Жетісулықтар 3-ші санаттағы сержант Қайрат Нұрсапанов пен аға сержант Мұрат Шариповпен Алакөл ауданында қоштасса, ефрейтор Қуаныш Сарқытбаевты Сарыөзек ауылында жер қойнына тапсырды. Ал, Талдықорған қаласында әскерилер мен туыстары кіші сержант Асхат Абдулманатпен қоштасты. Орталық алаңда қаралы митинг өтіп, Қорғаныс министрлігі өкілдері мен қала басшылығы қайғыға ортақтасып, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Асхат Абдулманаттың артында анасы, жары және 4 баласы қалды.

Жанар Әміржанова, Алматы облыстық Қорғаныс істері департаментінің баспасөз хатшысы:

- Бүгінгі күні мемлекеттік комиссияның тергеу амалдары жалғастырылуда. «Қара жәшік» табылды. Ол мемлекеттік комиссия мүшелерінің қолында сараптауда жатыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу