Шымкентте тиісті рұқсат құжаты жоқ 139 нысан анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тиісті рұқсат құжаты жоқ 139 нысан анықталды

03.04.2019

Сақ болыңыз! Тамақтан уланып қалуыңыз әбден мүмкін. Шымкентте тиісті рұқсат құжаты жоқ 139 нысан анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандары мәлімдеп отыр.

Бұл тізімдегі мейрамхана, дәмхана мен тойханалар кәсіпкерлікті қорғау туралы заңнамаларды алға тартып, ешбір жерге тіркеуге тұрмаған. Ең сорақысы, мұндай орындарда нендей тамақтың  әзірленіп жатқаны, олардың қандай жағдайда дайындалатыны, аспазшылардың денсаулығы мүлдем тексерілмейді.

Жұртшылықтан арыз-шағым түспесе кәсіпкерлік нысандарын ешбір органның үш жылға дейін тексеруге құқығы жоқ. Ал бұл мерзім аяқталуға жақындағанда қоғамдық тамақтану орындары атауын өзгертіп, өз ісін әрі қарай жалғастыра береді.

Әбдіманап Төлебаев, Шымкент қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы:

Оның барлығы өздері келіп өтініш жазып ХҚКО арқылы қорытынды алуы тиіс еді. Ол кісілер заңға түбегейлі қайшы жұмыс істеп тұрған нысандар. Сол кісілердің жауапсыздығынан ешқандай құжат жоқ. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу