Қазіргі таңда Қазақстанда елді мекендерді су алу қаупі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазіргі таңда Қазақстанда елді мекендерді су алу қаупі жоқ

03.04.2019

Алайда, ауа райының құбылуы бұл жағдайды өзгертіп жіберуі мүмкін.  Төтенше жағдайлар комитеті  осылай дейді. Кеше Көкшетау қаласында 6 үйдің ауласын су басқан еді. Тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылып, қажетті техника жұмылдырылған. Бүгін кешке дейін ол аумақта су толығымен сорылып, тұрғындар өз үйлеріне қайта алады.

Сонымен қатар, Алматы-Екатеринбург тас жолының 795 шақырымында  асфальтты су шайған. Көлік қозғалысы сол маңдағы Рузаевка ауылы арқылы өтуде.  Қазіргі таңда қауіп жоғары аймақтарға мамандар жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жәнібек Қайымбаев,  Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы:

Бүгінгі таңда Ақмола, Павлодар және СҚО-на  қосымша күш құралдары жеткізілді. Ол күш құралдары Нұр-Сұлтан қаласы, Түркістан және Жамбыл облысынан жеткізілді. Қажетті шараларды атқару үшін жалпы санын 81 адам және 16 техника жіберілді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу