Су апатынан Иранның 31 провинциясының 26-ы зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су апатынан Иранның 31 провинциясының 26-ы зардап шегіп отыр

03.04.2019

Иран үкіметі елдің оңтүстік-батысындағы Хузестан провинциясының 70 ауылының тұрғындарына көшуге бұйрық берді. Өйткені, олардың  маңындағы Дез және Каркех өзендері тасуға жақын.

Су апатынан Ислам Республикасының 31 провинциясының 26-ы зардап шегіп отыр. Олардың бірнешеуінде төтенше жағдай жарияланып, ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ал, соңғы екі аптада тасқыннан қаза тапқандардың саны 50-ге жуықтап отыр.

Үкімет тұрғындарды өзендер мен су бөгеттерінен алыс жүруге шақырды. Қазір ел астанасы Тегеранға да тасқын қаупі төніп тұр.                       

Арыстан РЫСБЕК 

 

Хабарламаларға жазылу